Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алтын, күміс және қалайы)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алтын, күміс және қалайы)


Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән.
Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,
Жер бетінде алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән,
Көркі осалдық етпегей мазмұнынан
Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,
Жер бетінде күмістің аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,
Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
Қалайы өтсе күмістің есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]