Қазақша өлең: 6 Шілде - Астана күні

Қазақша өлең: 6 Шілде - Астана күні

Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

Шабыттан от боп жанып дене қызып,
Келемін әр нәрседен өлең үзіп.
Сарыарқа, маңдайымды тасыңа ұрдым,
Мені де Астанадай көр емізіп.

Қалам тұр әр сәт сайын биіктердей,
Тынбастай басы бұлтқа тиіп көрмей.
Күн емес сағат санап өсіп жатыр,
Бейне бір ертектегі кейіпкердей.

Жар салып жер жүзіне баратындай,
Тамсанар келбетіне дала тынбай.
Шетінен жарқырайды ғимараттар,
Үстінен алтын нөсер таматындай.

Еркедей есірсе де қош қылығы,
Желінің естілмейді бос бір үні.
Астана – кербез сұлу бойжеткендей,
Төгілген Есіл, Нұра – қос бұрымы.

Астана – ханша кейпін міне киді,
Ажары шұбыртады сілекейді.
Мен тұңғыш көріп тұрмын қиялдағы,
Күн астын мекендеген Күнекейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Астана ЕлОрда туралы қазақша өлең, Астана туралы қазақша өлең шумақтары, Астана ЕлОрда туралы қазақша өлең шумақ, стихи про астану на казахском языке, Қазақша Өлең: Астана Елорда, детские стихи про астану на казахском языке, стихи про астану на казахском, астана туралы өлең жолдары, Қазақша өлең: 6 Шілде - Астана күні, Қазақша өлең, 6 шилде астана куни арналган казакша олен, 6 июнь день астаны стихи на казахском языке, астана кунине арналган олендер, астана туралы әндер, астана туралы өлең шумақтары, стихи на казахском языке на тему астана, 6 июля день астаны стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]