Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Өкініш)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Өкініш)

Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]