Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қайда бар?)
Қаршыға құсты көп көрдім
Қайрылып қазға қараған.
Қатын-бала, қара орман -
Баршасын жауға алдырған,
Құрулы жатқан жебеге
Құрсағынан шалдырған, -
Асыра келіп ойласам,
Бұл фәнидің жүзінде
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар?!
Ақсұңқар құстың баласы
Артымда қалған алғаным -
Қытайы қызыл көйлегі
Күнге қойсаң оңар ма?
Мұндай қорлық болар ма?
Ақсұңқар құстың баласы
Қасңыр тартқан жемтікке
Ағармай көзі қонар ма?
Асқар, асқар, асқар тау!
Асқар таудың су бүркіті
Ылдидың аңын шалар ма?
Лашын, сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шеніне қарға жолар ма?
Мен - ақсұңқардан туған
құмаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдармын?!
Түбін қазған мен бір бәйтерек -
Толқуменен құлармын.
Қайрылып қазға қараған.
Қатын-бала, қара орман -
Баршасын жауға алдырған,
Құрулы жатқан жебеге
Құрсағынан шалдырған, -
Асыра келіп ойласам,
Бұл фәнидің жүзінде
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар?!
Ақсұңқар құстың баласы
Артымда қалған алғаным -
Қытайы қызыл көйлегі
Күнге қойсаң оңар ма?
Мұндай қорлық болар ма?
Ақсұңқар құстың баласы
Қасңыр тартқан жемтікке
Ағармай көзі қонар ма?
Асқар, асқар, асқар тау!
Асқар таудың су бүркіті
Ылдидың аңын шалар ма?
Лашын, сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шеніне қарға жолар ма?
Мен - ақсұңқардан туған
құмаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдармын?!
Түбін қазған мен бір бәйтерек -
Толқуменен құлармын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Орай да борай қар жауса)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа оқ тиді)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аспанда ұшқан ақ сұңқар)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Орай да борай қар жауса)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа оқ тиді)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аспанда ұшқан ақ сұңқар)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
Іздеп көріңіз: