Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мұнар күн)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мұнар күн)

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн,
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн,
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн,
Бұлаңдай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн,
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн -
Түс қыла гөр, құдайым,
Біздей тақ мейманасы тасқанға
Біздің ер Исатай өлген күн!
Он сан байтақ бүлген күн!
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн;
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн;
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан
Теріскей дауыл соққан күн;
Сағағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн.
Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып көңілі тынған күн!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мунар кун стих, махамбет өтемісұлы мұнар күн өлеңі, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]