Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
![Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-03/1457030518_ebddc6ebc7483df17e1ec4ff05cae0a5.jpg)
Таудай болған талаптың
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурәт кеңес сұралса,
Мәшурәт берер ер едік -
Исатайдан айрылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурәт кеңес сұралса,
Мәшурәт берер ер едік -
Исатайдан айрылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: