Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жақия)
Исатай шыққан бас болып,
Хан ұлымен қас болып.
Арыстанымның баласы
Адағанда ел таппай,
Адасқанда жөн таппай,
Арманда қалды жас болып.
Мен Нарыннан кеткенмін
Мен Нарыннан кеткенмін,
Нарынды талақ еткенмін.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тіземмен бұзып өткенмін.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап, Шүренге
Күнім үшін жеткенмін.
Жақияны жауға ұстап бергендей,
Шүрен, саған не еткенмін?
Қайтеріңді өзің біл,
Алдыңда кеңес еткенмін.
Хан ұлымен қас болып.
Арыстанымның баласы
Адағанда ел таппай,
Адасқанда жөн таппай,
Арманда қалды жас болып.
Мен Нарыннан кеткенмін
Мен Нарыннан кеткенмін,
Нарынды талақ еткенмін.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тіземмен бұзып өткенмін.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап, Шүренге
Күнім үшін жеткенмін.
Жақияны жауға ұстап бергендей,
Шүрен, саған не еткенмін?
Қайтеріңді өзің біл,
Алдыңда кеңес еткенмін.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мен Нарыннан кеткенмін)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатай деген ағам бар)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қылыштай қиғыр алмас ем)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мінгені Исатайдың ақтабан-ай)

Іздеп көріңіз: