Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалған дүние)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалған дүние)

Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған? -
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жалған дуние стих на казахском языке, жалған дуние стих, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]