Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ақ жүрегін тербетіп)
Ақ жүрегін тербетіп,
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім.
Ақырында, дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім?!
Жолдасқа билік бермедім,
Кешегі хан үстіне барғанда,
Ақсүйектің баласы
Бақадай шулап тұрғанда,
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым.
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім, -
Бұл уақыттар болғанда,
Көктей өтіп Жайықты,
Бір қасық ішкен қара су
Жұмасына ас қылдым.
Осы жақта мен өліп,
Артымда тірі сен қалсаң,
Жасөспірім Жақияны,
Жолдасым, саған тапсырдым.
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім.
Ақырында, дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім?!
Жолдасқа билік бермедім,
Кешегі хан үстіне барғанда,
Ақсүйектің баласы
Бақадай шулап тұрғанда,
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым.
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім, -
Бұл уақыттар болғанда,
Көктей өтіп Жайықты,
Бір қасық ішкен қара су
Жұмасына ас қылдым.
Осы жақта мен өліп,
Артымда тірі сен қалсаң,
Жасөспірім Жақияны,
Жолдасым, саған тапсырдым.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әй, Махамбет, жолдасым)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мен Нарыннан кеткенмін)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жақия)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Махамбеттің ордадан кетерде ханға айтқаны)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Белгілі туған ер едім)

Іздеп көріңіз: