Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)
![Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-03/1457030518_ebddc6ebc7483df17e1ec4ff05cae0a5.jpg)
Атадан туған аруақты ер
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай!
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: