Қазақша өлең: Бейімбет Майлин (Кедейлер)

Қазақша өлең: Бейімбет Майлин (Кедейлер)

Сенің арың зарлайтыным өмірде.
Сенің арын арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді біғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы-шерім аршылар.
Айт өлеңді, ен даланы жаңғыртып,
Қойшы-қолаң, кеше жүрген малшылар!
Қамысты өзен, құрақты көл, ен дала,
Құсы шулар, мал дабырлар ел-дала...
Лағнет оқып, бәріне де қол сілтер,
Өміріңе селт етіп пе ең бишара!
Қан боп қатқан жаралы еді жүрегің,
Құрт жегендей кептің, семдің, жүдедіп.
Таң алдында – шырт ұйқыда жатқанда,
Сен жылаушы ең, жүгіріші ең, білемін!
Жалба-жұлба ерді салып торыңа,
Бір шабан мал тап болғандай сорыңа:
«Кіс-кіс» деуші ең көзге ұйқын тығылып,
Құрықшаңды іліп алып қарыңа.
Құба жоңға шығып алып белеске,
Рақаттағы түскен кезде ел еске,
Мұнды әндерге салмайтын ба ең зарланып,
Аттан түсіп, шарт жүгініп белесте!..
Ащы даусың кетпеп пе еді алысқа,
Бой жеңдіріп ыза аралас намысқа.
Жас жүрегін тырнамап па ед лобытып,
Тезек теріп жүрген «күңнің» алыста,
Екі жақта зарланып ең екеуің,
Сезініп ең бір жарық күн жетерін...
Бостандықты алғанынды қай түрде,
Айта берсем, тым ұзаққа кетемін.
Жылай-жылай, колын жетті тендікке!
Кім салады енді сені кемдікке?
Бүгінгі күн – шын куанар мейрамың,
Салшы әнге, бойын жазып кеңдіңте!
Ащы дауысың ен даланы күңрентсін!
Ащы қайғы – көңілдегі кір кетсін!
Шын қаһарман жұбайынан айрылып,
«Қалқам» деген ауру көңілін тербетсін!
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы-шерім аршылар.
Айт өлеңді, ен даланы жаңғыртып,
Қойшы-қолаң, кеше жүрген малшылар!..

Қазан, 1922 жыл
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бейімбет майлин Кедейлер өлең стихи на казахском беимбета майлин казакша олен, бейімбет майлин өлеңдері, беимбет майлин стихи на казахском, беимбета майлин олендери казакша, стихи стихотворения беимбета майлина на казахском языке, Кедейлер, кедей туралы олен, кедейлік туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]