Өлең: Бақдәулет Арыстан (Қайрат Нұртасқa - Жаралы жанның әніне...)

Өлең: Бақдәулет Арыстан (Қайрат Нұртасқa - Жаралы жанның әніне...)

Алаңдаймын бір жанды күндері үшін,
Ел аузында естіліп жүргені үшін.
Қазағымның жұлдызы жарқыраған
Әрине, Қайрат Нұртас бір мен үшін.

Белгісіз қайда барад ой тереңі,
Жаратқан бақ бермесе қайтер еді?
Бәйтерек сәні болса Астананың,
Ал Қайрат жас әншілер Бәйтерегі.

Қозғайды жүректегі жатқан әнін,
Тілеймін Алла сені сақтағанын.
Сен қазақтың баласы болғаны үшін
Мен сенімен марқайып мақтанамын.

Артта қалып өмірдің өткелдері
Әніңмен тербегенсің от кеудені.
"Арман" деп арманына жеткен әнші,
Ауырмайды жүрегі көптен бері.

Жақсылыққа жетеле қос ініңді,
Қалайтындар ақымақ өшуіңді.
Маматайын әніне қосқан жігіт,
Сұранамын тағы да өсуіңді...

Қуанам, сені бәрі мойындаса,
Айта алмай кетемін бе ойымды аша.
Анашыңды жаныңа отырғызып,
Әкеңнің жүзге толған тойын жаса.

Мен сенің бауырыңмын маған қара?!
Жүрек пен өнер берген саған дара.
Жұрттардың жамандайтын Қайраты бар...
Ол сен емес бауырым алаңдама.

Жауынан жеңілмейді досы барлар
Біреулер өтірігін қосып алдар.
Сені жаксы көретін, түсінетін
Жанашыр көрерменің осы жандар...

Дақ түспесін бауырым ажарыңа
Ілінсеңде халықтың назарына.
Қайрат Нұртас жүрегі завод оның
Тек хит әндер шығарған қазағына.

Сақталдың әнші болып ел есіне,
Сен мінгенсің өнердің кемесіне.
Жетістігің сен үшін баспалдақ па?
Онда сен үлгересің төбесіне.

***
Жаңбыр төкті бір кездері жауының,
Сен де менде, бір туған жер ауылым.
Алматының түнін елге жеткіздің
Мен оралам тіреу болып бауырым.

***
Жүремін сені ойға ала,
Барасың білем тойға да.
Мейлі дұшпандар жасаған
Күндерді мүлде ойлама.

Маңдайға біткен құндызым,
Қазақтың сүйген ұл-қызын.
Көз тимесінші, құлама...
Жасай бер Қайрат жұлдызым!

Жанардан ақса тамшы мұз,
Біздер өшуге қарсымыз.
Еркелеп елге ән айтсын
Ақпанда туған әншіміз.

Танылдың шүкір бәріне,
Балаға, жасқа, кәріге.
Мен суйген ару Қайраттың
Ғашық қылығы, әніне.

Өсе бер бізде қалаймыз,
Қайратқа сүйіп қараймыз.
Жаралы жанның әніне
Жараланып жүр талай қыз!!!

Айтарым көп бауырым, бірақ қысқарттым! Аман жүр Қайрат!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақдәулет арыстан Қайрат Нұртасқa Жаралы жанның әніне... өлең стихи на казахском бакдаулет арыстан текст казакша олен, бақдәулет арыстан өлеңдері, бакдаулет арыстан текст стихи на казахском, бакдаулет арыстан текст песни олендери казакша, Қайрат Нұртасқa Жаралы жанның әніне..., Қайрат Нұртас туралы өлең, кайрат нуртас туралы олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]