Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Байқамай)

Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Байқамай)

Сағынып жүріп, сағындым деуші ем қайталай,
Білмей де қалдым, алдадың ба сен ай, пәләй.
Сағынбаймын деп сары-ала күзбен шайқасам
Жүрек қой жүрек сағынып қояд байқамай.

Сен кеме болсаң, болғанмын жаным мен теңіз,
Байқамай дауыл соқты да, келді ерте күз.
Есіме алмаймын деп есіме алам байқамай
Есімде мәңгі жазылып қойған ерке қыз.

Өзіңді менен алыстатқан да кей сараң,
Пендемін менде тағы да кім ол бейшараң?
Ойламаймын деп ойыма аламын байқамай
Бірақ бәріне жүрек кінәлі дей салам...

Бастаймын бір күн, ел таңқалатын бірдеме,
Сен бірақ жаным ешкімге айтпа, үндеме.
Қоңырау шалмай жүремін десем байқамай
Қоңырау шалып қоямын саған түнде де.

Алыста жүрсің, жалғызсың білем ешкім жоқ,
Сенің ойыңша қиын күндерді кештің көп.
Қолыңда тұрған алтынның білмей қадірін
Өз тағдырыңды өзіңе сеніп шештің дөп.

Ақымағым-ай болмашы затқа ұмтылған,
Жүрегім менің сағынышымен жұлқынған.
Уайымдамаймын десем де бірақ байқамай
Уайымдап сені, алаңдай берем сыртыннан.

Бір күні менің алдымда жылап тұрарсың...
Сол кезде бірақ бәрін де кештеу ұғарсың.
Көрдің бе жаным бәрін байқамай жасаймыз,
Сенде байқамай алданып қалған шығарсың...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақдәулет арыстан Байқамай өлең стихи на казахском бакдаулет арыстан текст казакша олен, бақдәулет арыстан өлеңдері, бакдаулет арыстан текст стихи на казахском, бакдаулет арыстан текст песни олендери, Байқамай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]