Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Мен байқамай бір әйелді жылаттым)

Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Мен байқамай бір әйелді жылаттым)

Бір әңгіме бастайын былай енді,
Мініп алып келемін арғымаққа.
Мен байқамай жылаттым бір әйелді,
Күйеуі жоқ, баласы бар бірақ та...

Әп- әдемі келіншек кафедегі,
Қолында темекі мен сырасы бар.
Бір жігіт бар сырасын әпереді,
Ару ішсе жасырмай сыр ашылар.

Енді кімді түсірсін құрығына,
Сөзінің жылу жоқ жанға жайлы.
Қыз ғой деп қарап едім, қылығына
Шынымен қарным ашып, қан қарайды.

Ойламадым осылай қарайтам деп,
Құдай өзі кешірсін зор күнәңді
Дедім де ағаларға ән айтам деп
Қолыма алдым киелі домбырамды...

Көзінде өкініш пен бір мұңы бар,
Мән беріп жанарына қарағанда.
Бәлкім ол ақылымды бір күн ұғар,
Өлең арнап отырдым әр адамға...

Әйелі болған екен қандай ердің,
Ол қарады көргендей жанашырын.
Қырсығып қарсы отырған әлгі әйелдің
Бүгін туған күні екен баласының...

Маған қарап орнынан түрегелді,
Оған арнау айқаным ұнап қалды.
Ұлыма арнашы деп бір өлеңді
Келіншек күлімсіреп сұрап қалды...

Мен оған былай дедім ойлап болып,
Байкұс әйел байқаймын жаралысың...
Ол мені отыр еді бойдақ көріп,
Менде әкемін, бұл өлең балаң үшін

Дедім де, тілек айттым домбырамен
Менде анамның көзінің қарасымын.
Сол жерде өлең арнап болдым әрең,
Бірін білмей жанының жарасының...

Әй, жас ана ұксаңшы дала сырын,
Жасқа толып тұрма енді қарашығың,
Туған күні боп жатса баласының,
Жүрісін қараңдаршы анасының...

Бұзылса балаң нағыз көше көрер,
Ол кезде кеш, қан қызып қайнаса да.
Балам адам боп өссін десең егер,
Алдымен сен адам бол әй, жас ана...

Ол жылады ән естіп бүгін менен,
Ақылды әйел ешқашан адаспайды.
Сары сыра, боқтық сөз, шылым деген
Текті қазақ қызына жараспайды...

Деген едім көз жасын тоқтатпады,
Кешірммен сұрадым көп өтініш.
Сол жерде отыр еді боқтап бәрі,
Мәдени кешке айналды сол отырыс...

Қорытынды әйелге айтатыным
Бар нәрсені бағала көз тірінде...
Бәріне мәлім түбі қайтатының,
Барлығы өз қолыңда, өз тіліңде...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақдәулет арыстан Мен байқамай бір әйелді жылаттым өлең стихи на казахском бакдаулет арыстан текст казакша олен, бақдәулет арыстан өлеңдері, бакдаулет арыстан текст стихи на казахском, бакдаулет арыстан текст песни олендери, Мен байқамай бір әйелді жылаттым, бакдаулет арыстан авторлык олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]