Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымақтан туған қазанат)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымақтан туған қазанат)

Арғымақтан туған қазанат -
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазанаттан туған қаз мойын -
Күніне көз көрінім жер шалғысыз
Айырдан туған жампоз бар -
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар -
Асылын айуан десе нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар -
Күндердің күні болғанда
Жарамды бір теріге алғысыз,
Қасына адам барғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар -
Атасын айтса нанғысыз!
Арғымақ, сені сақтадым
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Жабыдан туған жаман ат
Шаба алмайды бөжектеп.
Қырдан қиқу төгілсе,
Еділге таман үңілсе,
Арғымақтың баласы
Шабушы еді безектеп.
Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлектеп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Айғайласып жауға ти
Жапанға біткен бәйтерек -
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмағы желден-ді,
Түбіндегі балаусасы белден-ді.
Хан-төренің кешігіп,
Кідірмегі елден-ді.
Кешіп өтпек сайдан-ды,
Шығынды болмақ байдан-ды.
Ақ киіктің орғытып,
Жүгірмегі майдан-ды,
Батыр болмақ ойдан-ды.
Айғайласып жауға ти
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды!
Арқаның қызыл изені
Арқаның қызыл изені -
Басы күрдек, түбі арал
Қыдырып шалар аруана.
Кәрісі кімнің жоқ болса,
Жасы болар дуана.
Бір сынаған жаманды
Екіншілей сынама.
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]