Қазақша өлең: Сермұхан Әділ (Табиғатты аяла!)

Қазақша өлең: Сермұхан Әділ (Табиғатты аяла!)

Қараңғылық түсті дағы жер бетіне,
Айналды жерде әсем келбетіне.
Күн батып қараңғылық басқан кезде,
Табиғатта ұйықтады бізбен бірге.

Табиғаттың біз адамға берері көп,
Бірақта кейбіреуге табиғат та керегі жоқ.
Адамзатқа берілген асыл сыйлық,
Тек аяла сол сыйлықты әлі де береді көп.

Табиғатты қорлама сен ластама
Қорлағандар жүрегінде тас барма?
Алланың сұрамай-ақ бергендігін
Есіңе алып,қоқысыңды тастама!

Əп-əдемі табиғаттың сиқын құртып кей адам,
Сол кезде мен іштей жанып,өз-өзіммен қиналам
Қоқыстарды тастау деген жəшігіне қоқыстың,
Ең игі іс деп еш күмәнсіз айта алам

Табиғатты аялаңдар,ластамаңдар,
Қағаз,қоқыс ешнəрсе тастамаңдар.
Жер бетінде лайық өмір сүруге ,
Өз қоқысын әрбір жерге шашпағандар.

Тазалық - ол адамдардың міндеті,
Бүлдірмесең еш нәрсені таза болар Жер - Ананың келбеті
Әрбір пенде бір өзінен тазалықты бастаса
Мəңгілікке қоқыстардан аман болар Жер беті.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Сермұхан Әділ Табиғатты аяла өлең стихи на казахском сермухан адил казакша олен, Сермұхан Әділ өлеңдері, стихи на казахском сермухан адил, сермухан адил олендери, Табиғатты аяла

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]