Қазақша өлең: Серікбай Маханов (МҮМКІН БІР БАҒЫМ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (МҮМКІН БІР БАҒЫМ)

Келмей қойды шабытым , бұл не мазақ ,
Кетпей қойды елес күй көп мазалап .
Отырамын бей уақытта , іңірде
Көңіл кірін көз жасыммен тазалап .

Жан емеспін ешкіммен де егескен ,
Менде сендей ақын жанды емес пем ?
Әлгі сезім торауылдап кетпейді
Арылмадым ұмыт болған елестен !

Сырымды айтсам өзгелерге күледі ,
Күлетіндей олар маған кім еді ?
Мейлі күлсін , бірақ – бірақ өзгермен
Не істейтінін Құдірет өзі біледі ! ?

Сырға толған сағыныштың жылдарын ,
Әнге қосып жүрем көктем қыздарын .
Білем - білем ана ауылда қыз барын
Бұрдым атты мүмкін шығар бір бағым ? !
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов МҮМКІН БІР БАҒЫМ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, МҮМКІН БІР БАҒЫМ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]