Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ)

Ойлап едім келіп жетті гүл көктем ,
Жапалақтап қар жауғаны бұл неткен ?
Ықтасында қонақтаған бей уақыт
Көгершіндер көрінбейді теректен !

Шайқатылып тербетілді бұтақтар ,
Өн бойынан ақ көбелек құшақтар .
Ойдым – ойдым жамау жамап ақ көрпе
Жамылған ба , жазықтағы қыраттар ?

Боран соғып буырқанған Ақпанда ,
Күн жылынды соңғы бір рет тоқсанда .
Ақ жаңбырын сездіре ме , тіршілік ?
Нұр көктемім есік ашып жатқанда .

Тағы да мен жаңа өлең бастадым ,
Сағынармын соңы болмас ақ қарым .
Ұяң болған жігіттерге қыз болып
Махаббатқа сыбырлайды ақ қайың !
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов СЫБЫРЛАЙДЫ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, СЫБЫРЛАЙДЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]