Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАҢТАР КЕШІ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАҢТАР КЕШІ)

Қар суыртып жел тынбайды желістен ,
Мал байлаулы көрінбейді өрістен .
Түтінменен үй мұржасы будақтап
Аппақ қармен ауыл маңы көріскен .

Қоюланып қарауытты төңірек ,
Нұр сәулеге ынтық болып көк жиек .
Ақ белестен түн пернесін жамылып
Тізбектелді қырат белдер жүк тиеп .

Көлеңкелер қызыл — жасыл жарысты ,
Күн суығы байқатпайды алысты .
Ағын суды мұз құрсаумен тоқтатып
Ақ ұлпаға үйретті кеп вальсті .

Жымыңдасқан жұлдыздар жоқ төбемнен ,
Сыйқырлаған қаңтар кешін көрем мен .
Аяз сүйіп шымшылайды бетімді
Ақын болсаң жырла дейді өлеңмен .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов ҚАҢТАР КЕШІ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ҚАҢТАР КЕШІ, кантар айы туралы олен казакша, қаңтар айы туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]