Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН)

Төңіректі ұйқы басқан тым – тырыс ,
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .

Бұлт тізбегі жолға шыққан керуен ,
Түн қызығы қандай қызық серуен .
Әппақ ұндар шашу бейне шашылған
Аяз сорып шырқалады шеру ән .

Ақ орманды таптап басқым келмейді ,
Сыршыл бақтар шақырады кел дейді .
Ақ сақалды бұтақтарды долы жел
Мазалайды өзіне ерік бермейді .

Тасаланып қалықтай ма Ай көктен ,
Елегізіп қарай берем әйнектен .
Сағыныштың куәсі боп сол түні
Өлең болып кетпей қойды бойжеткен .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов ҚЫСҚЫ ТҮН өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ҚЫСҚЫ ТҮН, тун туралы олен, түн туралы өлең, стихи на казахском ночь

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]