Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨМІР ШІРКІН)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨМІР ШІРКІН)

Бір күн өтті , оралмас өкінемін ,
Жасымашы жүрегім өтінемін .
Көңілдегі арманым өлең болса
Қалайша мен шамымды өшіремін .

Ойларымды ойласам таусалмаймын ,
Жыр жолына түсірмей жаталмаймын.
Даналықпен өтіпті бабаларым
Дәл солардай болам деп айталмаймын.

Сәл шыдашы жүрегім сабыр қылғын ,
Білесің бе , қиялдың ұшқырлығын ?
Көз алдыңа бір әуен ызыңдаса
Дүниенің көремін ұтқырлығын ? !

Бір қызық қой айналаң өмір шіркін ,
Алтыннан да қымбат қой ойын – күлкің .
Жазылады ақ парақ , жыртылады
Уақытпенен жарысып дүркін – дүркін .

Түні бойы отырып жыр іздеймін ,
Өтер уақыт шаршауды білгізбеймін .
Өмір айқас мен оны жеңе білсем
Өткен күнге орынсыз өкінбеймін !
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов ӨМІР ШІРКІН өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ӨМІР ШІРКІН, омир туралы олен, өмір туралы өлең, стихи на казахском языке о жизни

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]