Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЕНІМ ЕТТІМ)
![Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЕНІМ ЕТТІМ)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2017-10/1507372188_kloapm.png)
Аттанамын сенсіз алыс сапарға ,
Іркілмесін бір тамшы жас жанарға .
Күтіп отыр онда мені келер деп
Ақын жыры қосылғанда қатарға .
Қамығарсың әлде бәлкім іздерсің ,
Шаршап өзің сояу тілмен тілдерсің .
Ояу жатып жалғызсырап жүргенде
Мысқылыңмен езу тартып күлерсің ?
Шаршағанда еске алып тағы бір ,
Сарғаярсың не жаздым деп бұл тағдыр ?
Тіршіліктен бездім , көндім мен бүгін
Өсек ғайбат қалмады ғой қыл шылбыр !
Ар – намысты отқа құйып май шыжғыр ,
Табамайсың шындық кеткен бұлыңғыр .
Заманыңа қанша әділ болсаң да
Бұрмаланып орындалмас заң тұғыр ? !
Барам қайда , шағым айтып кімдерге ,
Кетсем бе екен тойымы жоқ жерлерге ?
Айып етпе өле кетсем байқаусыз
Өлеңімді сенім еттім сендерге ? !
Іркілмесін бір тамшы жас жанарға .
Күтіп отыр онда мені келер деп
Ақын жыры қосылғанда қатарға .
Қамығарсың әлде бәлкім іздерсің ,
Шаршап өзің сояу тілмен тілдерсің .
Ояу жатып жалғызсырап жүргенде
Мысқылыңмен езу тартып күлерсің ?
Шаршағанда еске алып тағы бір ,
Сарғаярсың не жаздым деп бұл тағдыр ?
Тіршіліктен бездім , көндім мен бүгін
Өсек ғайбат қалмады ғой қыл шылбыр !
Ар – намысты отқа құйып май шыжғыр ,
Табамайсың шындық кеткен бұлыңғыр .
Заманыңа қанша әділ болсаң да
Бұрмаланып орындалмас заң тұғыр ? !
Барам қайда , шағым айтып кімдерге ,
Кетсем бе екен тойымы жоқ жерлерге ?
Айып етпе өле кетсем байқаусыз
Өлеңімді сенім еттім сендерге ? !
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: