Қазақша өлең: Серікбай Маханов (БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ)

Көңілдің сірә сырын кім тербеген ,
Арыстың жағалауы қыз бүлдірген .
Жемісін көрген кезде қызыл іңір
Көгінен күн көрінді күлімдеген .

Туған жер еркелеттің қыз бен ұлды ,
Түлетіп шалғын шөпке тораңғылды .
Сағыныш саздарына тиек етіп
Іздедім әнге салған дауысыңды .

Жарысып толқын ақты арнасымен ,
Жалғасып махаббатым туар күнмен .
Барады ән өрмелеп жар басында
Ағынның сусып аққан шөлдерімен .

Арманым жалғасады жылдарыммен ,
Бойыма шуақ төіп жанарыңмен .
Жастық шақ әнім болған ерке Арыс
Кеудемді керіп өттің самалыңмен .

Шегіндім артта қалған тойларыма ,
Жарастық таппай сезім ойларыма .
Қайранмын бүлдірген қыз сені көріп
Жолықтым өлең деген қайнарыма .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ, қыз туралы өлең, кыз туралы олен, стихи о девушке на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]