Қазақша өлең: Серікбай Маханов (НЕ ОЙЛАЙДЫ?)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (НЕ ОЙЛАЙДЫ?)

Өтіп жатыр өмірім жалжып қана ,
Мый айналып толқиды ойдан сана .
Ойланыңдар адамдар тіршілікті
Сусып аққан дүние бермен қара .

Өмір менен өлім бір үзілмейді ,
Өлеңімді өлгенде кім іздейді ?
Іздеушілер достарым табыла ма
Не себепті жан жүрегім дүрсілдейді ?

Жарық сәуле жанғанда көздің нұры ,
Қараңғылық тозағы көрдің құлы .
Өлім кетер өмірден тоқтамастан
Аталғанда ақынның өлең – жыры ? .

Жылдар ақса қиырдан бұралаңдап ,
Тірілер жүр өзіне не армандап ? !
Жиған мүлкі бір күндік ойын күлкі
Кетеді ме , байқаусыз қыр аралап ?

Өмір – өлім тепе – тең жарысады ,
Жарығы жоқ түнектер жалғасады .
Шын өмірдің белгісін біліп тұрып
Бұл адамдар неліктен таласады ? !

Іштері тар топастың қарны тойған ,
Жылпостарды надан деп неге қойған ?
Жатпай – тұрмай тірілер қатарында
Сұмдықтарын тізер деп кім ойлаған ?

Сұр жыландай зәр шашып ирелеңдеп ,
Күштілерге бастарын игенде кеп .
Жон арқаға сөз қамшы тиген кезде
Өмір – өлім айқасар кирелеңдеп !
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов НЕ ОЙЛАЙДЫ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, НЕ ОЙЛАЙДЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]