Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА)

Сарыарқа кең дала қозғалвста ,
Нақ төріңде Астана толғаныста .
Достық елдің сәлемін қабыл алып
Бейбіт күнмен біздің ел қорғаныста .

Сұлулықтың ажарлы белгісіндей ,
Жас сәбидің тербелген бесігіндей .
Аппақ қарлы асқар шың Алатауға
Қол бұлғайды Көкшетау – інісіндей .

Алматы мен Астана қатарласып ,
Бір жасарды қос қала араласып .
Рухын қолдап ақ ниет бабалардың
Елбасым жүр елімен ақылдасып .

Жер жәннәті Алматы Жетісудан ,
Енші алып Астана белді буған .
Қазағымның ежелгі салт – санасын
Қабыл алған көк байрақ асыл тудан .

Болашаққа ақ таңнан біз үміткер ,
Жағасында Есілдің қыз – жігіттер .
Көркің сұлу Астана өркендеген
Жоспарларға жалғасып ұлы істер .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА, астана күніне өлеңдер, астана кунине арналган олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]