Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ЖАҢАРҒАН АСТАНА)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ЖАҢАРҒАН АСТАНА)

Тарихыңа зер саламын Астана ,
Бабаларым мекен еткен Ақмола .
Еркіндіктің туын тіктің төріңе
Қазағымның орталығы Ақорда .

Тербетесің бейбіт елдің бесігін ,
Әлем шарға ашып тұрып есігін .
Ел басымыз өзі таңдап Нұрсұлтан
Атақ берді Астана деп , есімін .

Ақ үйлері көтерілді маржандай ,
Сәулесінен жарқырайды бар маңай .
Ел ісіне атқарылды жарлығың
Жолдауларын президенттің армандай .

Басын қосты шындық сүйген елдердің ,
Ұраны боп тыныш өмір күндердің.
Уағыздалдың барлық елге Астана
Достықпенен жолын ашып діндердің .

Мөп – мөлдірлі сулар ақты Есілден ,
Ақ қайыңдар жағалауда өрілген .
Аққулардай қайық желкен жүзеді
Жаңартылып сұлу қала көркейген .

Көк жүзіне Байтерегің өрлейді ,
Барлық әлем Астана деп сөйлейді .
Жылдар бойы мерей тойың құт болсын
Елу елдің қатарлығын тербейді .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікбай маханов ЖАҢАРҒАН АСТАНА өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ЖАҢАРҒАН АСТАНА, астана күніне өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]