Өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)

Өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап), стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]