Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Еңселігім екі елі)
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын!
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Баймағанбет сұлтанға)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Мен - қарақұстан туған қалықпан)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ер жігітке оқ тиді)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа оқ тиді)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)

Іздеп көріңіз: