Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Орай да борай қар жауса)
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін кәпір алғанын
Талам деп айтсақ болар ма?!
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың со бүркіт
Ылдидың аңын шалар ма?!
Асқар таудың басына
Лашын, сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шеніне қарға жолар ма?!
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін кәпір алғанын
Талам деп айтсақ болар ма?!
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың со бүркіт
Ылдидың аңын шалар ма?!
Асқар таудың басына
Лашын, сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шеніне қарға жолар ма?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: