Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Көк ала бұлт сөгіліп)
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойы егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар.
Күн жауады кей шақта.
Өне бойы егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: