Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Күту)
О,Гүлнәзім,
жырға тарттым ырдыумен,
Бір күлгенің мені одан емдетсін.
Ақ қайыңға бізді айтып жүрдім мен,
Сен қайдасың,сен жоқсың.
О,Гүлнәзім,
Шәрбәтім-ау көрікті,
Өзім үшін сенен асқан жыр бар ма?
Қыс кетіпті,көктем қайтып келіпті,
Ақ қайыңға сені айтып тұрғанда.
О,Гүлнәзім,
Сүйіктім-ау қылықты,
Жетектеген өлең қылып таңдарға.
Ақ қайыңға барып едім,сыныпты,
Ол да саған ғашық болып қалған ба?
жырға тарттым ырдыумен,
Бір күлгенің мені одан емдетсін.
Ақ қайыңға бізді айтып жүрдім мен,
Сен қайдасың,сен жоқсың.
О,Гүлнәзім,
Шәрбәтім-ау көрікті,
Өзім үшін сенен асқан жыр бар ма?
Қыс кетіпті,көктем қайтып келіпті,
Ақ қайыңға сені айтып тұрғанда.
О,Гүлнәзім,
Сүйіктім-ау қылықты,
Жетектеген өлең қылып таңдарға.
Ақ қайыңға барып едім,сыныпты,
Ол да саған ғашық болып қалған ба?
Іздеу
Мен сені ,
сонау биік мұнардан да,
көптер дәмелі,
Шынардан да әдемі
деп санаймын,
өйткені әр жазған шығармамда ,
сен барсың - арайлым.
Мен сені бұлақтанда,
пәк,
жұмақтан да ақ,
деп санаймын,
өйткені тағдыр мені жылатқанда
қасымда сен барсың - арайлым.
мен сені,
ақынның жыры деп,
ақынның мұңы деп
санаймын.
Құдайдың жаратқан нұры көп,
Мен үшін, ол сенсің - арайлым.
мен сені,
өбектеп,
іздедім
жыладым,
сұрадым,сұраған табылды ә?
мен сені өмірдің өзі деп ұғамын,
сен солай қабылда...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: