Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Сұрша қыз)

Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Сұрша қыз)

Сені сүйем ,
Иә сүйем,
Сен осындай жайтқа сен.
Сені көрсе айда өзін сұлумын деп айтпас ед,
Сені көрсе күннің көзі шығардай,
Кешіқұрым іңір мініп ұясына қайтпас ед.
 
Сені сүйем,
Иә сүйем,
Міне осындай бар хәлім,
Сені көрсе жұлдыз біткен атағынан жалтарып.
Жылаушы еді қара түнде,қара беттей қаусарып,
Содай кейін жерге қарап,ұзақ-ұзақ ойланып,
Армандаушы еді,сырғасына айналсақ деп қалқаның.
 
Сені сүйем,
Иә сүйем,
Сірә бізге керек емес мұнша аңыз,
Жүректерде махаббаттан жарылардай тұрса уыз.
Сезім сынды көктен түскен,
Сәби сынды жүрегіне көктем піскен,
Тек ішімнен айта алам,
Сені сүйем Сұрша қыз...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қажытай серікжан Сұрша қыз өлең стихи на казахском кажытай серикжан казакша олен, қажытай серікжан өлеңдері, стихи на казахском кажытай серикжан, кажытай серикжан олендери, verses in the kazakh language, Сұрша қыз, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат жайлы өлеңдер, махаббат туралы өлеңдер олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]