Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Кітапханада)

Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Кітапханада)

Көкшетау. Кітапхана. Сәуір. Түс.
Жалғызбын. Ағасыз, бауырсыз.

Қаңғырып келіп ем жоспарсыз,
Қаңғырып кетермін... достарсыз.

Беймаза тірліктен қашып кеп,
Тыныштық, мен саған ғашық боп.

Отырмын тығылып осында,
Осында: ағам да, досым да...

Шаң басқан анау бір сөреден,
Күледі көп қызға арналған көп өлең.

Жүректе сезімім құлпырып,
Көзімде мөп-мөлдір жыр тұнып.

Оқимын, оқимын қызығып,
Ынтығып, үздігіп, үзіліп...

Мағжанның ұнатып Гүлсімін,
Жүректің үдеттім дүрсілін.

Басымнан өткеріп Қасымның қайғысын,
Аңсадым Жұматай Ләйлісін.

Сүйсем деп, сүйісіп көрмеген сұлуды,
Берсем деп Кеңшілік бермеген жылуды.

Жұмекен балмұздақ әперген,
Сол қызды... бақытты етер ме ем?!

Ақ раушан ішінен көрінген,
Аруды – қастары керілген.

Сүйсе деп сиқырлы сөздермен өлеңім,
Мұқаңдай жырласам деп едім!

Бар ойым бұзылды ойран боп,
Бойжеткен бір кітап алған боп,
Біресе қойған боп...
Алдымнан бері өтті, әрі өтті,
Маздатып мендегі әр шоқты, әр отты.

Жанары жәудіреп, кірпігі дірілдеп,
Жүрегім елжіреп, көздерім күлімдеп.

Қолыңнан ұстасам бүгін деп,
Қойныңда өтсін бір түнім деп,

Ар жағын несіне айтамын?
Сайрады, сөйледі сайтаным...

Өйтпеске бар ма еді амалым?
Көркіне байланды жанарым.

Бұрымды.
Бұрымы – бөксеге жетеді.
Бөксесі – бұлтың да бұлтың етеді.
Киімі кіндіктен жоғары екі елі,
Және де тізеге жетпейді етегі.

Кеудеде қос алма тырсиып,
Киімге ол да әрең тұр сыйып...

Сол күні таныстым кітаптар ішінде,
(Сол күнгі күнәмді есіме түсірме!)-

«Жаным-ау, тездетші, күттірме!»,
дедім де әкеттім түкпірге...

Еркіне қоймады мендегі қызбалық,
Ақындар қалды үнсіз, қызғанып.

Жанымды әу, баста шуаққа бөлеген,
Мұңайып қарады көп сұлу, шаң басқан сөреден...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мерген тоқсанбай Кітапханада өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Кітапханада, Кітапхана

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]