Өлең: Абай Құнанбаев (Желсіз түнде жарық ай)

Өлең: Абай Құнанбаев (Желсіз түнде жарық ай)

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай кунанбаев желсиз тунде жарык ай стих желсиз тунде жарык ай текст, абай кунанбаев Желсіз түнде жарық ай, стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері
  1. Айкын
    Айкын 19 октября 2020 20:57
    0 + 0 -
    Кушти рахмет мен бурсигуни кокруска катысам соган осы оленди тандадым тагы да рахмет
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]
  2. Айкын
    Айкын 19 октября 2020 20:56
    0 + 0 -
    Дауитхан
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]