Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ерекше естен кетпес қызық қайда?)
Ерекше естен кетпес қызық қайда?
Жолығатын қыз қайда терең сайда?
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Бұл өмір қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек,
Жақынның да, жардың да, асықтың да,
Бәрінің де қызығын көріп білсек.
Жолығатын қыз қайда терең сайда?
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Бұл өмір қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек,
Жақынның да, жардың да, асықтың да,
Бәрінің де қызығын көріп білсек.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есіңде бар ма жас күнің)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Ленский сөзінен)

Іздеп көріңіз: