Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Білімдіден шыққан сөз)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Білімдіден шыққан сөз)

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкрегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңігі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы-айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңсік қой,
Байлаулы емес ақыл, ой,
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржаң - қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңрі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
«Ой, тәңір - айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек.
Болмаған соң, бір есеп -
Мейілі қамқа, мейілі бөз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]