Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ата-анаға көз қуаныш)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ата-анаға көз қуаныш)

Ата-анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әр нені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті,
Босқа өтті.
Ата көңіл жанбаса бір,
Артық өнер шықпаса.
Ел танымай, үй танып құр,
Шаруасын да ұқпаса -
Үміті қайда?
Соны ойла,
Абайла!
Сүйер ұлың болса, сен сүй,
Сүйінерге жарар ол.
Сүйкімі жоқ құр масыл би
Сүйретіліп өтер сол.
Табылмас қайла,
Ойбайла -
Не пайда?
Зарланарсың, ойланарсың,
Не болам деп енді мен.
Құрбылардан қорланарсың,
Тәңірі ісіне сен де көн.
Қайғысыз пенде,
Көрдің бе,
Өміріңде?
Тәңірі сорлы етсе пенде,
Не бітірер құр жылап.
Жігері жоқ ақылы кенде,
Жамбасыңнан жат сүлап.
Бір жаман мен бе,
Дедің бе,
Көңіліңде?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ата-анаға көз қуаныш), стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]