Қазақша өлең: Серікзат Дүйсенғазы (Ару қыз)

Қазақша өлең: Серікзат Дүйсенғазы (Ару қыз)

Е, ару қыз, бұл күйіме сенсең ғой,
Сені ойласам басады ауыр еңсемді ой.
Сен керемет ғұмыр кешіп жатқанмен,
Бақытты өмір сүре алмадым мен сендей!

Іңкәр жанға із қалдырған ізетті ең,
Аңсай, аңсай, көктем мен жаз, күз өткен.
Сол бір түндер балдан тәтті екен-ау,
Атар таңды кірпік ілмей күзеткен.

Ол сәттерді еш байлыққа бермеспін,
Мені өзіңдей сағындырмас енді ешкім.
Мынау байтақ жерде және ғарышта,
Сенен сұлу жан бар десе сенбеспін!

Өтер уақыт көз алдымнан сырғанап,
Сені сүйген сезіміме кіл мадақ!
Тұрған кезің ең бір ғажап сурет қой,
Алма бақта омырауыңа гүл қадап.

Жарқ еткенде жанарыңнан ақ алмас,
Махаббатың шарабына болам мас.
Сенің бейнең үлгісі еді пәктіктің,
Әлемдегі еш суретші сала алмас.

Бағыты бар, баяны жоқ тірлікте,
Ғашықтықтың ғаламатын білдік пе?!
Сен жымисаң гүлге айналып кететін,
Бетіңдегі мойыл қара бір нүкте.

Е, ару қыз, бұл күйіме сенсең ғой,
Сені ойласам көтертпейді еңсемді ой.
Мені мынау ауыр мұңнан арылтып,
Қапияда қанат байлап келсең ғой!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікзат дүйсенғазы Ару қыз өлең стихи на казахском серикзат дуйсенгазин казакша олен, серікзат дүйсенғазы өлеңдері, стихи на казахском языке серикзат дуйсенгазин, серикзат дуйсенгазин олендери, Ару қыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]