Қазақша өлең: Серікзат Дүйсенғазы (Әкеме)

Қазақша өлең: Серікзат Дүйсенғазы (Әкеме)

Әке, сенің жолыңды қуа алмадым,
Қыран баптап, жүйрікті суармадым.
Қансонарда қасыңа серік болып,
Таңсәріден ілесіп шыға алмадым,

Ат жаратып, бәйгеге шаба алмадым,
Үмітіңнің алауын жаға алмадым.
Жыртығыңа жамау боп жамалмадым,
Мылтығыңның тілін де таба алмадым.

Палуан болып күресте жеңе алмадым,
Маған ондай қонбады бедел-бағың.
Жолын қандай табам деп қиналушы ем,
Орындалмай жатқанда көп арманың.

Үйреттің бе, білмеймін бекер бәрін,
Түйсінбедім даланың шекер дәмін.
Өзің құсап алыстан дүрбі салып,
Жер танитын жағдайға жете алмадым.

Көрсететін жоқ қой деп енді ерлігім,
Сең соққандай күн сайын сенделді ұлың.
Тым болмаса бойыма қонбай кетті-ау,
Құралайды көзге атқан мергендігің.

Жанды ауыртқан жалған-ай, жарықтық-ай,
Болдым екен дарынсыз неғып бұлай?
Деп жүргенде ұлыңа әкеңіздің,
Қасиеті ақындық дарыпты ғой.

Солай өмір жалғады көшке мені,
Енді ойлама, әкетай, ештеңені!
Алты ұлыңның біреуі ақын болса,
Әкеңіздің отының өшпегені!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серікзат дүйсенғазы әкеме өлең стихи на казахском серикзат дуйсенгазин казакша олен, серікзат дүйсенғазы өлеңдері, стихи на казахском языке серикзат дуйсенгазин, серикзат дуйсенгазин олендери, әкеме, әке өлең, әке туралы өлең, әке туралы өлең шумақтары, әке туралы өлең жолдары, әке туралы өлең текст, әкеге өлең, әке өлең шумақтары, стихи на казахском языке про отца, стихи на казахском языке про папу, аке туралы олен, аке олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]