Қазақша өлең: Баубек Бердіжар Ералыұлы (Әжімнен туған ой)

Қазақша өлең: Баубек Бердіжар Ералыұлы (Әжімнен туған ой)

Жанарыңнан айналдым әлі тұнық,
Уақыт сені жеңбепті «кәрі» қылып.
Сынағына сес бермей тұрғансың-ау?!
Мыңдайыңды кетіпті әжім сызып.
Көңіліңнен теңіздей тербетілген,
Тек мейірім көремін келбетіңнен.
Махаббатың жүрекке қалай сыйған?!...
Үлкен болып тұрса да жер бетінен...
Анашым-ай,
Қамқоршым, ақ бұлағым!
Болашаққа бастайтын таң шуағым,
Таулы, қырлы бәйгіге атой салып,
Ақ сүтіңнен нәр алып шапқыладым.
Ақша шашың өткеннің елесіндей,
Ақ орамал намыстың белгісіндей.
Ұл-қызыңа ақ тілек дұға етер,
Ақ көңілің адалдық кемесіндей.
Сәжде қылып Аллаға бүгіндері,
Намаз оқып құлшынған көңілдегі.
Неде болса,
Жәннатқа кір Анашым,
Құлшылығың қабыл боп өмірдегі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек бердіжар Әжімнен туған ой ералыұлы өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Әжімнен туған ой

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]