Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ақ гүліме ақ тілек)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ақ гүліме ақ тілек)

Пешеніме жазылған,
Асыл жарым, ақ гүлім.
Қос тағдырды бөлісіп,
Жырлайықшы бақ жырын.
Жаратқанға бас иіп,
Перзенттерді өсіріп,
Бір көрейік өмірдің
Қайғы-мұңын шаттығын.
Қиялдағы арманға,
Біз барайық бірлесіп.
Махаббаты жарасқан,
Аққу құстай тілдесіп.
Бізді қосқан Аллаға,
Разы болып өтейік,
Сынақтарға мойымай,
Бір жүрейік күресіп.
Болмас күдік ойлармен,
Суытпайық жүректі.
Даурыққанда көңілдер,
Жоғалтпайық тілекті.
Отбасыға қорған боп,
Жүрейікші қашанда.
Ниетіміз оң болса,
Алла берер тіректі...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Ақ гүліме ақ тілек өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Ақ гүліме ақ тілек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]