Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Жаратқан. Тілек. Бақ)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Жаратқан. Тілек. Бақ)

Жаратқан жар болып тағы да,
Әр берді зарыққан бағыма.
Ол сондай қамқоршы ой жетпес,
Нығметі сыймайды басыңа.

Содан мен адал жар тіледім,
Даурыққан сәтінде жүрегім.
Көктемде мұң құшып сыздатқан,
Жазымда күз болып түнердім.

Жеркеніп өмірдің заңынан,
Тіледім иманды жанынан.
Дәм тұзы біткенше өшпейтін,
Жылуды тіледім таңынан.

Тірлікке байланбас күлкісі,
Жеңілге антоним жүрісі.
Ет-жаны елжіреп «арым» деп,
«Кезіксе» деп едім нұрлысы.

Жеті қат түндерде жалынғам,
Барыммен, нарыммен табынғам.
Жаратқан қабылдап тілекті,
Құралай сен шықтың алдымнан.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Жаратқан. Тілек. Бақ өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Жаратқан. Тілек. Бақ, Жаратқан, Тілек, Бақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]