Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қызыма...)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қызыма...)

Кәусарым-ай, Кәусарым!
Қуанышым баубағым.
Ботақаным бөпешім,
Көңілімді жауладың.

Бақыт сыйлап жаныма,
Нұрын шаштың таңыма.
Жаратқанға мың алғыс,
Сені берген бағыма.

Пәк періштем, құлыным,
Қалың өссін бұрымың.
Биік болсын Намысың,
Тәтті болсын қылығың.

Әкесінен аумаған,
Туыстарын баураған.
Күлкіңізден айналдым,
Көздің көркін жаулаған.

Баянды боп өмірің,
Сыр сақтасын көңілің.
Тек иманды болсыншы,
Дос-жарандар,
Өңірің!

Жүрегімнің ақ құты.
Өмірімнің жақұты.
Бұйырсыншы өзіңе,
Екі әлем бақыты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Қызыма... өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Қызыма...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]