Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қобыз үні)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қобыз үні)

Дала шерін қоңыр әуен кернетіп,
Қалың ойға апарады-ау селдетіп.
Қазақ мұңын санамызға құйдырған,
Мына Қобыз – жанды кетті тербетіп.

Қазақ сырын бұдан артық кім білген?!
Қоңыр үні оза шабар көңілден.
Ұлы дала шырқау шегін, сыбдырын,
Түйсіктерге мұңлы сазбен білдірген.

Мұнда жатыр ел мұраты еңселі.
Салмағынан майысатын жер беті.
Мәңгі елдің мәңгі арманын аялап,
Мына Қобыз жүректерді тербеді.

Ел еңсесін әуенімен жеткізген,
Ақиқаты жанардан жас төккізген.
Қобыз үні кешегісі Қазақтың,
Асау ғасыр санасынан өткізген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Қобыз үні өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Қобыз үні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]