Қазақша өлең: Балғынбек Имашев (Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты....)

Қазақша өлең: Балғынбек Имашев (Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты....)

Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты,
Таратқан ер-әйелден адамзатты.
Бір күні ашуланған еркек байғұс,
Таяқпен өз қатынын сабап жатты.

Болса да әйел заты сәл кінәлі,
Көргендер жөн көрмеді дәл мынаны.
Бір ғалым ақыл айтты: "Ей, бауырым,
Таяқпен адамды емес, малды ұрады.

Болса да кейбір сөзі запыран, у?
Қатын сабау - сауаптан қапы қалу.
Әйелді түзейтұғын жақсы соққы -
Үстінен тағы да бір қатын алу".

Жадырап жаны бірден жабырқаған,
Айнымай ақша беті ақ ұлпадан:
Не дейсіз? Сөзіңізді ұқпадым, - деп,
Әлгі еркек жүз танытты таңырқаған.

Құтылу жолын іздеп одан оңай,
Жауапты әйел тапты соған орай:
Сөзін тыңдап қайтесің ақымақтың,
Сабай бер, - деді еріне, - мені аямай.

P.S.
Шығатын бұл қиссадан қорытынды:
Болады жақсылықтың жолы түрлі.
Үйлену шама жетсе төрт әйелге -
Бақыттың төте жолы ең ұтымды.

Ерлердің бір әйелмен көбі жүдеп,
Күнәға селт етпейді өлі жүрек.
Алайда иманы әлсіз әйелдерге,
Жан берген бай бергеннен жеңілірек.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балғынбек имашев Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты өлең стихи на казахском балгынбек имашев казакша олен, балғынбек имашев өлеңдері, стихи на казахском языке балгынбек имашев, балгынбек имашев олендери, Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]