Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Революция жаңғырығы)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Революция жаңғырығы)

Екі дүние ерегісіп жатқанда,
Сұңқар құлап жартасқа,
Дауыл тұрған шақтарда,
Күшігендер аспанда,
Сай, Жыраны паналап,
Жемтік іздеп баққанда,
Жұмыр жерді аралап кетті бір үн ғаламат.
Ұшты ақиық Дауылпаз қанатына жүк артқан.
Қалды тобыр мұнартқан,
Сұлулардың иісіне кұмартқан.
Қалды небір кеселдер:
Қорқақ, күншіл, мешелдер,
Бола алмаған көсемдер,
Көбік езу шешендер.

Соқты дауыл үйіріп,
Ұшты жасын, жай-оттар.
Болаттан құрсау киініп,
Шықты жалаңаяқтар.
"Дауыл бұлтты тіледі..."
Үндеген сонда кім еді?
Ол — Данконың жүрегі,
Ол Еділдің ұлы еді.
Революция байрағын қанатына қыстырған
Дауыл бұлтты серпеді!
Жаратылған ұшқыннан
Ол — алапат өрт еді.
Құдіретіне Адамның
Дауылпаз басын иеді.
Горький ұлы заманның
Ұрпаққа тартқан сыйы еді.
Горький — ойлар тартысы, ақиқат пен ардың ұлы.
Горький — революция жаршысы,
Революция жаңғырығы!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Революция жаңғырығы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Революция жаңғырығы, Революция жангырыгы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]