Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы нөсер)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы нөсер)

Алыста,
Сонау аспанда,
Атыстар, сірә, басталды.
Жай түсіп жатыр тастарға,
Жайратып жатыр асқарды.
Дірілдеп біраз тұрды да,
Гүрілдеп ала жөнелді.
Аспанды құдай ұрды ма?
Айырар ма екен төбемді!
Жарқ етті алды кезімнің,
Өртене жаздап, басылдым.
Отым ба, әлде, езімнің!?
Оты ма, әлде, жасынның!?
Жанымды болып қорғамақ,
Жалтарып, тұра қашқан ем.
Төбемнен төмен сорғалап,
Сөндірді нөсер, басты әрең...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Таудағы нөсер өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Таудағы нөсер, Жаңбыр туралы өлеңдер, жаңбыр туралы өлеңдер, жаңбыр туралы өлең, стихи о дожде на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]