Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егістікке)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егістікке)

— Әзер шығып, әлсіреп күн батады,
Тұмау тиіп қалған ба Күнге тағы?!
Амандығын сұраспай бір-бірінің,
Осылай деп екі қарт үн қатады.

Жаз аспаны жабыңқы, түнеріп түр,
Жатыр дала шаңытып, күреңіп қыр.
Аузын ашып шөлдеген аңызаққа,
Сәл-пәл тамшы сараң бұлт жіберіп тұр.

Түңліктенген қара бүлт түнеріп кеп,
Ауыр қару атылды, үдеріп көк.
Шатыр-шұтыр шатынап аспан кетті,
Жауыны мен жасынын жіберіп тек.

Тамашалап ашуын, жасынын да,
Ата жердің ажары ашылуда.
Тұмауратқан күн келіп егістікте,
Екі қартқа еңіреп бас ұруда.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Егістікке өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Егістікке, егистикке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]