Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Топырағың торқа болсын!)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Топырағың торқа болсын!)

Қыран көңіл, сұңқар сезім пырағым,
жағып кеттің талай үміт шырағын.
Арманың не, ізің қалды бүгінде –
жайқалып тұр егіп кеткен құрағың.

Салқар ойлы, дара сана шынарым,
өсіп жатқан өркеніне тұмарым.
Айнымадың, ақтық демің шыққанша,
адалдық пен пәктік болды ұраның.

Ерте қиып кетсе де аққу сыңарың,
таусылмап ед шын ғашықтық жыр-әнің.
Бүгін соңғы сапарыңда қол бұлғап,
қала берді қызығың мен ұланың.

Бүгін іштен бүгіп бәрін тынамын,
бүгін ептеп қасіретті жығамын.
Бүгін шындап сені іздеп жыладым,
сейілте алмай сағыныштың тұманын.

Жарық күннің жауһарларын жинадың,
ұрпағыңа ұлы ғибрат сыйладың.
Мейірімнің мұра қылдың бұлағын,
Аллаһ Раббым ашып берсін жұмағын!

Топырағың торқа болсын, жан әке!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Топырағың торқа болсын өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Топырағың торқа болсын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]