Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мекен-жайы – жұмақта)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мекен-жайы – жұмақта)

Жарық әлем жауһарлары жарқ еткен
жанарында ұйып тұрған тәрізді ед...
Бұйрық келіп,
бұл жалғанды тәрк еткен
кейуана кетті бақи бақ іздеп.

Қалды қалды –
атақ,
байлық,
тұғыры,
медет болды бір мезеттік жұбаныш.
Адалдықпен сүрген барлық ғұмыры –
имандылық,
ибалылық,
қуаныш.

Бір Аллаһтың жарлығымен тартылар:
теңіз бен көл,
өзен,
тіпті бұлақ та.
Құран оқып, дұға қылар халқы бар
Аналардың мекен-жайы – жұмақта!

***

Аппақ анам,
Нардың жүгін арқалаған нәзігім,
Алыстадың, қаусап қалды қазығым.

Айман анам,
Науат, малта болсын мейлі азығым,
Арманым не, әлдилесе наз үнің?!

Ару анам,
Назираңа зәру болып қалдым ба,
Аллаһ, мені сынағыңа салдың ба?!

Асыл анам,
Нық сеніммен алға аттай алдым ба,
Ақ сүтіңді шындап ақтай алдым ба?!

Аяулы анам,
Неге керек Сізсіз өткен қуаныш,
Арамызды жол бөліп тұр тым алыс?!

Айдай анам,
Нұрға толы жүзіңізден жұбаныш
Алушы едім, бойға бітіп бұла күш.

Алтын анам,
Нағыз енді тағдырыма бағындым.
Арнасында келем өмір-ағынның.

Аялы анам,
Не десем де, өзі едіңіз лағылдың,
Аңсадым ғой, анажаным, сағындым!

***

Ана, сенің мейірімің шуақты,
көз алдыма келтіреді бұлақты.
Таусылмайтын кәусарына қандырып,
сыңғырымен тандыратын құлақты.

Ана, сенің дариядай ақылың,
Аллаһ төгіп қойғандай-ақ рақымын.
Құлыншағың өмір атты бәйгеде
шапқан сайын қымтай түсті тақымын.

Ана, сендей аяулы жан жоқ маған,
ана, сенсіз сағатым да тоқтаған.
Көз жұмарда көргеніңдей сен үшін,
есейсем де ерке балаң боп қалам.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Мекен-жайы – жұмақта өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Мекен-жайы – жұмақта

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]